2025 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК «No 46 мекемесі» РММ жанындағы Павлодар облысы білім басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК-да Жұмысшы мамандықтар жылына арналған студенттер арасында колледж ішілік кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау «Токарлық іс» мамандығы бойынша «Токарь» біліктілігі және «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Автомобиль жөндеу слесары» біліктілігі бойынша өткізілді.
Сайыскерлер екі айналым бойынша тапсырмаларды орындады:
1 теориялық, оның барысында байқауға қатысушылар тест тапсырмаларын орындады, 2 практикалық, оның барысында сайыскерлер өз мамандықтары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.
Байқауды білікті конкурс комиссиясы бағалады, оның құрамына «Еңбек» РМК «Еңбек-Павлодар» филиалының өкілдері, Павлодар облысы ҚАЖД-нің сотталғандарды жұмыспен қамту тобының бас маманы, ҚАЖК «No 46 мекемесі» РММ-нің сотталғандарды жұмыспен қамту тобының аға инспекторы, колледж басшысының орынбасары және колледждің аға шебері кірді. Бағалау кезінде арнайы киімнің, жеке қорғану құралдарының болуы, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, өрт қауіпсіздігі, генераторды бөлшектеу және құрастыру дұрыстығы, тапсырма орындау кезіндегі уақыт нормасының сақталуы, темір дайындаманы токарлық өңдеу кезіндегі өлшемдердің сақталуы және жұмысты орындау кезінде уақыт нормасының сақталуы ескерілді.
Жарыс жеңімпаздарды марапаттаумен және барлық қатысушыларды мадақтаумен аяқталды. Сондай-ақ колледж басшылығы түзеу мекемесінің басшылығына жарысқа қатысушыларды марапаттау туралы өтініш берді.