Экран диктора
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • ДАКЕНОВ СЕРИК КАБЫЛБЕКОВИЧ
    Жұмысы мамандықтар жылына арналған ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 мекемесі» жанындағы Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК өткізілетін іс-шаралар

    2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды, бұлелдегі жұмысшы мамандықтардың рөлін арттырудың маңызды кезеңі болды және бұл оқиға сот шешімімен бас бостандығынан айырылғандарды оқытатын Техникалық колледжінде белсенді қолдау тапты.  Колледж осы бастама шеңберінде «№46 мекемеде» сотталғандардың кәсіби дағдыларын арттыруға, оларды еңбек кебейімдеуге және оларды әлеуметті коңалту үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған бір қатар іс-шаралар өткізіп жатыр.

    Негізгі іс-шаралардың бірі – сотталғандарға жұмысшы мамандықтарын алуға бағытталған білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру болып табылады. «№46 мекемеде» «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Токарлық іс» сияқты мамандықтар бойынша оқыту ұйымдастырылды. Бұл кәсіптер еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және сотталғандарға босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік береді.

    Білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлердің басшылығы мен өтетін практикалық сабақтар болып табылады. Сотталғандар теорияны үйреніп қанақоймай, таңдаған мамандығы бойынша еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті практикалық дағдыларды игереді. Бұл оқу сапасын жақсартуғағана емес, білім алушылардың өз қабілеттеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

    «Техникалық колледжі» КМҚК Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар сотталғандарды оңалтуда маңызды рөл атқарады. Теориялық және практикалық сабақтарды кіріктіре отырып жұмысшы мамандықтарына теориалық оқыту, кәсіптік оқыту, конкурстар өткізу және әлеуметтік серіктес «Еңбек» РМК «Еңбек-Павлодар» филиалымен ынтымақтастық сотталғандардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектесіп қана қоймай, оларды қоғамға қайтаруға дайындайды. Осылайша, Жұмысшы мамандықтар жылы бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қайта бейімделу үшін жағдай жасауға көмектеседі.

    «Техникалық колледжі» КМҚК

     

                                           басшысының ОӨЖ жөніндегі орынбасары                           Н.А.         Шамкенов