08.05.2025 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 Мекемесі» РММ жанындағы Павлодар облысы білім беру басқармасының «Техникалық колледжі» КМҚК-да ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара колледждің компьютерлік сыныбында интерактивтік тақтаны қолданумен викторина түрінде өткізілді. Викторинаның сұрақтарын дайындап, сайыстың ақпараттық және элетрондық сүйемелдеуін колледж басшысының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Жамалиденов өткізді. Сайысқа қатысушы студенттер ҰОС тарихы туралы, маңызды кезеңдер мен Жеңіске зор үлесін қосқан тұлғалар туралы өз білімдерін көрсетті. Конкурсты бағалау комиссиясының құрамына ҚР ІІМ ҚАЖК «№46 Мекемесі» РММ психологы, колледждің тарих пәнінің оқытушысы, колледждің аға шебері кірді. Сайыс жеңімпаздарды марапаттаумен және барлық қатысушыларды мадақтаумен аяқталды.